Аудандық мәдениет үйінде Азамат Құрманбекұлының «Сені сүйем, Өмір!» атты қайырымдылық концерті өтті.
Іс-шараға аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып, өнер мектебі де қатысты. Педагог М. Р. Назарованың жетекшілігімен хореографиялық бөлімнің жас тәрбиеленушілері ұлттық биді нақышына келтіре орындап, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің сұлулығын, ұлттық киімдердің әсемдігін және халық өнерінің бай мұрасын паш етті.